Астанада ауқымды жалпықалалық сенбілік басталды

301

Экологиялық акция барысында бес ауданда 2 мыңнан астам жасыл желек отырғызылады.

Астанада ауқымды жалпықалалық сенбілік басталды Фото: Астана әкімдігі

Бүгін Астанада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.), еріктілер, мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, МИБ (ПИК) және басқалар қатысады.

– Экоакция аясында Астанада қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау және т.б., сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою сынды басқада жұмыстар өткізіледі, – дейді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұрғындар елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуда. Қала тұрғындары отбасыларымен және ұжымдарымен бірге қаланы тазалауға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу