Астанада Aulafit жобасының маусымдық жабылу рәсімі өтті

521

Жобаның жабылу салтанатына Серік Сәпиев пен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты. 

Астанада Aulafit жобасының маусымдық жабылу рәсімі өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бүгін Көктал елді мекеніндегі көпқабатты үйдің футбол аланыңда Aulafit жобасының маусымдық жабылу рәсімі өтті.

"Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 37.26 пайызы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Астанада қала тұрғындарын бұқаралық спорт шараларына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ туризмді дамыту бойынша, осындай түрлі жобалар іске қосылып, ел игілігі үшін барлық жағдай жасалынып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласынан бастауын алған бұл жоба еліміздің өзге өңірлерінде де сәтті жүзеге асырылып жатыр", - деді басқарма басшысы Самат Жылқыбаев.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзге асқан жоба, жаз бойы қала тұрғындары үшін тегін түрде өтті.

Тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен, аптасына үш рет қаланың 10 ауласын қамтыды. Олар:

  1. Н.Тілендиев даңғылы, 36;
  2. Е-430 көшесі – "Табысты" тұрғын үй кешені;
  3. Ш.Айтматов, 36 – "Жағалау" тұрғын үй кешені;
  4. Әнет баба көшесі, 11 – "Манхэттэн" тұрғын-үй кешені;
  5. Түркістан көшесі, 10 – "Көркем 2" тұрғын үй кешені;
  6. Сауран көшесі, 5 – "Градкомплекс" тұрғын үй кешені;
  7. Рысқұлбеков көшесі, 16 – "Алма" сквері;
  8. Күйші Дина көшесі, 31 – "Мирас" тұрғын үй кешені;
  9. Пушкин көшесі, 15 Б – "Қытай қорғаны" тұрғын үй кешені;
  10. Абая даңғылы, 63 – "Тараз" тұрғын үй кешені.

Даңқты қазақ боксшысы Серік Сәпиев алдымен Көктал шағын ауданының тұрғындарын Конституция күнімен құттықтап, болашақ чемпиондар осындай ауладан шығатынын, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырды.

Айта кетейік, AulaFit жобасы алғаш рет 2020 жылы құрылып, сол жылдың мамыр айынан бастап iске қосылған. Жоба қатысушылары футбол, шахмат, Street Workout, баскетбол, балалар фитнесі бойынша жаттыға алады. Қатысамын деушiлердiң жасына шектеу жоқ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша Aulafit жобасы бұнымен жұмысын аяқтамайды. Алдағы қыс мезгілінде аулаларға мұз қатырылып, коньки, шаңғы, скандинавиялық жүріс сияқты спорт түрлері бойынша тегін үйірмелер ашылуы жоспарлануда дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу