Астанада аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған жарыс ұйымдастырылады

815

Спорттық іс-шара 29 сәуір күні елордада өтеді.

Астанада аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған жарыс ұйымдастырылады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астаналықтар аутизмі бар балаларды қолдау мақсатында Run for autism қайырымдылық жарысына қатысуға шақырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Run for autism қайырымдылық жарысы Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған. 

Іс-шара аутизм туралы халықтың хабардарлығын арттыру, осы диагнозы бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамнан өз орнын табуы мақсатында өткізіледі.

Жарыс 29 сәуір күні таңғы сағат 8-де Триатлон саябағында өтеді.

Жиналған қаражат аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды қолдау мақсатында "Болашақ" корпоративтік қорының "Әрбір бала мектепке лайық" бағдарламасына бағытталатын болады. 

Жарыс төрт қашықтыққа өтеді:
1 км – 4 990 теңге.

2,5 км – 5 990 теңге.

5 км – 6 990 теңге.

10 км – 7 990 теңге.

Жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны өтеді. Онда смартфондар, фитнес-клубқа жылдық абонемент, велосипедтер, шлемдер, сондай-ақ клиникада толық тексерілуге болатын жолдамалар бар.

Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін "Көңілді старттар" тегін ойын-сауық спорттық бағдарламасы ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу