Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, деп inbusiness.kz сайты
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, – делінген хабарламада.
Бұрынғы мемлекеттік қызметкер аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартты деген күдікке ілініп отыр.
– Күдікті бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырды, – деп хабарлайды Антикордан.
Қазір тергеу жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.