Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Аталған аймақтардан жалпы 2500 тонна өнім əкелінді. Онда ет, сүт, макарон өнімдері, қант, картоп, көкөніс т.б. тағамның 100 түрі саудалануда.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі екі күн өтеді. Онда Астана тұрғындары мен қонақтары базар бағасынан 15-20% арзанға азық-түлік сатып ала алады.
Айта кетейік, жәрмеңкеде əртүрлі фестивальдер, еліміздің аймақтарынан шығармашылық ұжымдар ойын-сауық, концерттік бағдарлама ұсынады.
Жыл басынан бері əкімдік осындай 20 жәрмеңке ұйымдастырды. Облыстардың басым бөлігі өз өнімдерін əкелді.
Келесі аптада Ақмола, Қызылорда, Батыс-Қазақстан жəне Атырау облыстары жəрмеңке өткізеді деп жоспарланған.