Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта өткізіле бастады

342

Елордада биылғы алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта өткізіле бастады Фото: gov.kz

Елорданың Сарыарқа ауданындағы Б.Соқпақпаев көшесі, 21 үй жанында ашылған жәрмеңкеге Ақмола, Семей, Түркістан облысының ауылшаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлері қатысуда.

"Қала қонақтары мен тұрғындары бұл жәрмеңкеден қажетті тауарларды нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатып ала алады, себебі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатады. Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, соның ішінде көкөністер, жемістер, сүт, азық-түлік және ет өнімдері бар", – дейді Астана қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі маманы Нұрдәулет Қосман.

 

Жаңа мекен-жай болғандықтан халық әлі үйренісе қоймағанмен тұрғындар біртіндеп келіп, жәрмеңкеден күнделікті пайдаланатын тағамдарын сатып алып кетіп жатыр.

 "Әдетте мұндай жәрмеңкелер орталыққа таман ашылатын. Қазір біздің ауданнан ұйымдастырылып, табиғи таза өнімдерді жақын жерден сатып алу мүмкіндігі туып тұр. Қиярдың келісі 450 теңге, қызанақ 500 теңгеден екен, бұл біздегі әлеуметтік базарлардың өзінде бұдан қымбаттау, қаймақ және шұжықтары да сондай төмен бағада, өзім сол өнімдерді үйде көп пайдаланатын болғандықтан, арзан бағамен көптеу етіп алдым, біртіндеп бұл жерге бәрі үйренісіп кетер деген ойдамын", – дейді елорда тұрғыны Майгүл Жансейітова.

 Жәрмеңке әр демалыс күндері таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу