Астаның сол жағалауында сенбі және жексенбі күндері қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі, деп хабарлайды elorda.info.
"Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы апта сайынғы қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері маусымы басталатындығын хабарлайды. Азаматтар жергілікті өндірушілерден нарықтық бағадан 10% -ға төмен бағасымен сатып алуға мүмкіндік алады. ХҚКО аумағында Сауран көшесі, 7 мекен жайы бойынша орналасқан ауылшаруашылық жәрмеңкесінде картоп, пияз және тағы басқа да көкөністер, сондай-ақ шұжық, макарон өнімдері сияқты кең ассортимент ұсынылған. Жәрмеңкелер сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өткізіледі", - делінген Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бөлек елордада қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері "Шапағат" коммуналдық базары мен "Еуразия" сауда орталығында өткізіледі. "Қазақстан" спорт кешенінің тұрағында апта сайын республика өңірлерінің жәрмеңкелері өткізілуде.
Сондай-ақ басқарма биылғы жылдың соңына дейін Қосшыгұлов көшесі мен Абылай хан көшесінде ("Метро" СО жанында) қалалық жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отыр.