Астанада ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтілді

138

Аталған шаралар Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, қала әкімдігі және полиция органдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. 

Астанада ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтілді Фото: Көлік министрлігі

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолдың бұзылуын алдын алу мақсатында 1 сәуірден бастап Астана қаласында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бақылау қалаға кіретін және шығатын негізгі бағыттардағы жылжымалы көлік бақылау бекеттері арқылы, сондай-ақ автоматтандырылған салмақ өлшеу станцияларының көмегімен жүзеге асырылуда.

Белгіленген салмақ параметрлерінен асып кеткен жағдайда, құқық бұзушыларға бұзушылық деңгейіне қарай айыппұл санкциялары қолданылады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен жүретін көлік құралдары үшін осьтік жүктемеге қосымша шектеулер енгізілген.

Астана қаласы жолдарының сақталуын және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыр жүк көліктеріне бақылау жұмыстары жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу