Астанада автобус әйелді қағып кетті

319

Астанада жолдан өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып кетті.

Астанада автобус әйелді қағып кетті Фото: Ашық дереккөз

Әйел ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісінің тыйым салынған бағдаршамнан өтіп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Елордалық полиция жол-көлік оқиғасы тергеліп жатқанын хабарлады.

"Абылайхан даңғылымен келе жатқан маршрут автобусы жүргізушісі Жансүгірұлы көшесінің қиылысында тыйым салынған бағдаршамнан өтіп бара жатып, бағдаршам рұқсат берген кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткені анықталды", - делінген Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жаяу жүргінші жарақат алған, ол медицина мекемесіне жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу