Астанада автобус аялдамасында ер адам көз жұмды

1350

Оқиға болған жерден түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.  

Астанада автобус аялдамасында ер адам көз жұмды Фото: elorda.info

Елордадағы автобус аялдамаларының бірінде 51 жасар ер адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"9 қараша сағат 08:20 шамасында "102" каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы "Көктем сауда үйі" аялдамасынан адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін факті расталды.  Полиция қызметкерлері зорлықпен өлім белгілерінсіз 51 жастағы ер адамның мәйітін  анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу