Астанада автобус ішінде оқушылар мен ер адам төбелесті

191

Оқиғаның видеосы желіде тарады. 

Астанада автобус ішінде оқушылар мен ер адам төбелесті Фото: Бейнежазбадан

Астанада автобустардың бірінде оқушылар мен егде жастағы ер адам төбелес шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаға ұстатарлық оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады. Төбелес 61 бағыттағы автобуста болған. Куәгерлердің сөзінше, ауызша жанжал төбелеске ұласқан.

Полиция осы оқиға бойынша түсінік берді.

"Аталған дерек бойынша "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасы тиісті тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады", – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу