Астанада автобус карталары қымбаттайды

606

Елордадағы автобустарда көлік карталарын шығару және қайта шығару бағасы өседі. Бұл туралы inbusiness.kz Сity Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Астанада автобус карталары қымбаттайды Фото: turkystan.kz

Компания 3 қаңтардан бастап "TRANSCARD" көлік карталарының құны өзгеретінін хабарлады. Дербестендірілген көлік карталарын бастапқы шығару құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңгені (бұрынғы бағасы 800 теңге), қайта шығару құны ҚҚС-пен бірге 2000 теңгені (бұрынғы бағасы 1500 теңге) құрайды. Дербестендірілмеген көлік карталарының құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңге болады.

"Бағаның өсу себебі көлік карталарының сатып алу құнының едәуір өсуіне байланысты. Сонымен қатар биыл қолданыстағы жабдықтың тозуына байланысты көлік карталарын басып шығару жөніндегі мамандандырылған касса жабдығын жаңғырту жүргізілді", – делінген Сity Transportation Systems таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жүру тегін. Сапар кезінде көлік картасын растау қажет. Бұл жолаушылар ағынын көруге және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу