Астанада автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етілді

367

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Астанада автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етілді Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Қонаев көшесінде "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңғыртуға байланысты осы жылдың 19 ақпанынан бастап жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі аралығында көлік жүктемесін азайту үшін Bus Lane, яғни автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат етіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтары елорда жолдарындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, назарға алуды сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.

Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін жол белгілері қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми дереккөздерде қосымша жарияланатын болады.

"Автокөлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін сақтауды және Қонаев көшесінің жабық учаскесін назарға алып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша биыл 19 ақпаннан 30 қазанға дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады", – деді әкімдік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу