Астанада автобус жүргізушісі жолда келе жатып жүрегі тоқтап қалған

1893

Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды.

Астанада автобус жүргізушісі жолда келе жатып жүрегі тоқтап қалған Фото: видео скриншот

"Бүгін 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылындағы "Бейбітшілік" аялдама пунктінде, "Әлем" сауда орталығы бағыты бойынша  № 7 автопаркке тиесілі №2 МТС жүргізушісі (1961 жылы туған) есінен танып қалды, соның салдарынан қоршау мен жарық бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілер жолына кірді. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді, ол жерде есін жимай көз жұмды. Өлімнің алдын-ала себебі-жүректің тоқтауы", - деп хабарлады City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі. 

Жүргізушінің жолаушылар көлігіндегі жұмыс өтілі 15 жылдан асады. Сондай-ақ, оның демалыс күнінен кейін 2-ші жұмыс күні болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу