Астанада автобусқа шабуыл жасалған туралы дерек расталған жоқ

908

Астанада автобусқа шабуыл жасалған туралы дерек расталған жоқ

Астана қаласының Ішкі істер департаменті елордада жолаушылар автобусының біріне шабуыл жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде қала ішінде автобусқа шабуыл жасалды деген ақпарат тараған болатын. Интернетке орналастырылған видеода терезелері сынған автобусты көруге болады. Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, автобус жол апаты салдарынан бүлінген. "Бүгін таңғы сағат 08.30-да Дүкенұлы көшесінде жол апаты болды. "Киа" маркалы автокөлік автобуспен соқтығысты. Автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Апат салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Автобустың терезелері сынған",-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу