Бұл көрсеткіш 1 млн сапарды құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты CTS -ке сілтеме жасап.
Компанияның хабарлауынша, қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады.
2024 және 2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:
– 700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;
– қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;
– автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;
– Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;
– 5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.