Астанада автобустың қатысуымен жол апаты болды

152

Зардап шеккендер бар.  

Астанада автобустың қатысуымен жол апаты болды Фото: astana_brother

Бейсенбі күні елордада автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. Жол апаты 3 шілде күні кешке Сарыарқа ауданында болған.

"Қосшығұлұлы көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Серкебаев көшесінің қиылысында маневрді аяқтап жатқан Ford көлігіне жол бермей, оған соғылды", – деп хабарлады қалалық ДП.

Апат салдарынан автобустың үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.

Айта кету керек, маусым айында https://inbusiness.kz/kz/last/astanada-zholaushylar-avtobusy-apatka-ushyrady Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырағанын жазған едік.  Жол апаты салдарынан 8 жастағы қыз екі аяғынан айрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу