Астанада автобустың жаңа бағдары іске қосылады

193

Бағдар "Үркер" және "Отау" шағын аудандары арасында жүреді.

Астанада автобустың жаңа бағдары іске қосылады Фото: CTS

Осы сенбіде, 10 тамызда жаңа № 62 бағдар өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті Астана қаласы қоғамдық көлігінің жолаушылары!

Осы сенбіде, 10 тамызда жаңа № 62 бағдар өз жұмысын бастайды.

Бағдар "Үркер" және "Отау" шағын аудандары арасында жүреді", - делінген хабарламада.

Бағытқа 15 автобус қызмет көрсетеді, қатынау жиілігі 11-20 минут болады. Қозғалыс сызбасын CTS Instagram парақшасының Tаplink-те көруге болады.

Бағдар:
•⁠  ⁠"Отау", "Үркер" шағын аудандарында қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға;

•⁠  ⁠Қ. Мұхамедханов, Сарайшық көшелері мен Р. Қошқарбаев даңғылын тура жүретін бағдармен қамтамасыз етуге;

•⁠  ⁠№№ 7, 11, 18, 43, 45, 47, 49, 52, 54, 56, 66, 71, 80 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді. 

"Жыл соңына дейін тағы да бағдарлар іске қосу жоспарлануда. Біздің парақшаны оқи жүріңіздер", - деп қосты компания. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу