Елордада онлайн автокөлік сатып алудың соңы алаяқтық болып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Екі қылмыскер өздерін шетелден көлік тасымалдайтын делдал ретінде таныстырып, көлік сатып алуға және өзге де шығындар үшін жәбірленушіні 16 млн теңге аударуға көндірген.
Алаяқтар хат алмасқанда ойдан шығарылған мәліметтерді қолданып, мессенджер арқылы арам ойын жүзеге асырған.
Нәтижесінде жәбірленуші автокөлікті де, ақшаны да алмаған. Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 5 жыл және 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушінің залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу