Астанада автомобильдер мен жаяу жүргіншілер үшін көлік қозғалысы шектеледі

189

Шектеу 7-10 тамыз уақыт аралығына енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада автомобильдер мен жаяу жүргіншілер үшін көлік қозғалысы шектеледі Фото: sgork_official

Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында елорданың жекелеген көшелерінде:

  • Есіл ауданында, Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала, Достық, Керей, Жәнібек хандар көшелері
  • Нұра ауданында, Тұран, Ұлы Дала даңғылы

Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, Нәжімеденов, Аманжолов көшесінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

"Осы жылдың 3 тамызында дайындық аясында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштердің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс - шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу