Астанада аялдамалардағы ақпараттық таблолар не үшін өшірілді?

515

Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Астанада аялдамалардағы ақпараттық таблолар не үшін өшірілді? Фото: Inbusiness.kz

5 наурыздан бастап жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты елорданың аялдама пункттерінде ақпараттық таблолар уақытша ажыратылды.

Аялдамалардағы ақпараттық тақталар уақытша өшірілген. Сервистік қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ақпараттық таблолардың жұмысы қайта басталады.

"Естеріңізге сала кетейік, avtobys, 2 GIS және Яндекс карталарының қосымшаларында маршруттардың қозғалысы туралы ақпаратты бақылай аласыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу