Астанада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

398

Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру. 

Астанада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды Фото: primeminister.kz

Биылғы шілде айынан бастап Астанада Министрліктер үйінде орталық мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай фронт-желісі болып табылатын Азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын бастады.

  • Орталық базасында келушілер өздеріне ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтінішін бере алады, сондай-ақ ХҚКО-ға ұқсас түрлі ведомстволар өкілдерінен, медиаторлар және заң мамандарынан кеңес ала алады.

Сонымен қатар мұнда азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігіне ие болады.

Орталық алаңында апта сайын 18 министрліктің өкілдері азаматтарды жеке қабылдайды, кесте Үкімет сайтында алдын ала жарияланатын болады.

Бұл ретте өңірлердің тұрғындарына елордаға арнайы келудің қажеті жоқ, өйткені оларды онлайн-форматта да қабылдау жүргізіледі.

Орталықтың құрылуы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жалғасы екенін айта кеткен жөн.

Жаңа Орталықтың базасында цифрлық ХҚКО іске қосылды, ол арқылы онлайн режимінде 1220 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады.

Орталықта ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу немесе азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарау тәртібі белгіленген өтініштер қабылданбайтынын атап өткен жөн. Бұл мәселелер бойынша азаматтар тиісті құқық қорғау немесе сот органдарының фронт-офистеріне жүгінуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу