"Жүре берсең көре береді екенсің....Туалеттің тұсаукесеріне барып келдім (әжетханасы бар алғашқы аялдама). Шараға Есіл ауданының әкімдігі, Астана СПК компаниясының басшылығы, БАҚ өкілдері қатысты", – деп жазды бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында Дулат Абибуллаев.
Еске сала кетсек, қыркүйек айында қалалық мәслихат отырысында әкім орынбасары Сергей Хорошун жыл аяғына дейін бюджет қаражысына – 55, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 31 жылы аялдама орнатылатынын жеткізген. Аялдама ауа алмастыру мен жылу жүйесімен жабдықталып, сондай-ақ әжетханасы да болатынын айтқан еді. Соның алғашқысы Есіл ауданында салынды. Жақында осындай 6 аялдама ал, келесі жылы тағы 50-і пайдалануға беріледі.