Астанада тегін тұрғын үй алудың шарттары қайта қаралмақ. Тізімде тұрған баспанаға зәру адамдарға осы қалада тұрғылықты тұру шартын бес жылға ұлғайту, ал толық емес отбасылар қатарына тек жесірлерді ғана жатқызу ұсынылуда, деп хабарлайды Elorda.info.
"Басқармаға келіп, баспанаға кезекке тұрушылардың қатар тежеу үшін қосымша шаралар қолдану керек. Ол үшін тұрғын үй заңнамасына түзетулер қажеттілігі туындап отыр. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған топқа жататындарға қолданылатын жеңілдіктерге ие болу үшін жалған ажырасу оқиғалары орын алуда. Сондықтан, толық емес отбасы түсінігін нақтылап алу қажет. Бұл категорияға тек жесірлерді ғана жатқызған дұрыс", - дейді, тұрғын үй басқармабасшысы Руслан Ахметов.
Осы жылдың сәуір айындағы тұрғын үй комиссиясының отырысында 4 соғыс ардагеріне, 49 жетімге, 137 әлеуметтік әлсіз категорияға жататындарға 260 пәтер беріледі деп шешілген болатын.
Бұдан бөлек, 1 тоқсанда 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған 65 пәтер берілген болатын.
Біршама уақыт бұрын Астана биліктері тұрғын үй кезегінен Қазақстанға келерде тұрғын үй алу үшін бөлінген ақшалай өтемақы алғандарды да шығару сөз болған еді. Бұл тізімнен әскерилер де сызылып тасталмақ. Оларға жеке жеңілдіктер қарастырылады.