3-4 маусым Астанада Қызылорда, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының өнім өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Жәрмеңкеде 500 тоннаға дейін өнім сатылады деп жоспарлануда. Атап айтар болсақ, жылқы еті, күріш, көкөністер, картоп, сүт, кондитерлік өнімдер, балық, шұжық өнімдері тағы да басқа көптеген азық-түліктер саудаланбақ.
Жәрмеңке "Қазақстан" спорт кешенінің көлік тұрағы аумағында өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары өнімдерді базар бағасынан 15-20% арзанға сатып ала алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу