"Таза Қазақстан" экологиялық айлығы аясында мұнда сенбілік ұйымдастырылып, оған аңызға айналған Backstreet Boys тобы да атсалысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейбітшілік пен келісім саябағы – конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға арналған бірегей кеңістік. Мұнда "Жұлдызды аспан" туннелі, "Өмір ағашы" ескерткіші мен сатылы сарқырама орналасқан.
"Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық айлығы аясында бұл жерде ерекше іс-шара болды: әйгілі Backstreet Boys тобы елордалықтармен бірге ағаш отырғызуға қатысты. Музыканттар экологиялық бастаманы жылы қабылдап, жасыл қала құру ісіне өз үлестерін қосуға қуана келісім берді.
Мұндай акциялар табиғатты қорғау – бүкіл әлем халқын біріктіретін ортақ құндылық екенін еске салады.
Айта кетейік, елордада 13 қыркүйек пен 11 қазан аралығында дәстүрлі "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық айлығы өтіп жатыр.