Астанада "Байтақ" жасылдар партиясының кезектен тыс VI Съезі өтті

320

 Съезд жұмысына 67 делегат қатысты, олардың қатарында елдің барлық 20 өңірінен филиал басшылары да болды.

Астанада "Байтақ" жасылдар партиясының кезектен тыс VI Съезі өтті Фото: baytaq.kz

13 шілдеде Астанада "Байтақ" жасылдар партиясының кезектен тыс VI Съезі өтті. Күн тәртібіне Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту мәселесі шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Съездің күн тәртібіндегі негізгі мәселе Құрылтай сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидаттар тізімін талқылау және бекіту болды. Бұл мәселенің съезге шығарылу себебі бұған дейінгі тізімдегі кандидаттар санының өзгеруіне байланысты болды.

"Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін біздің партия Құрылтай депутаттығына 51 кандидаттан тұратын тізімді бекіткен еді. Алайда бұл тізімдегі төрт адам өз еркімен одан шығу туралы шешім қабылдады. Бұл – олардың құқығы. Сонымен қатар, заң тұрғысынан бәрі мінсіз болуы үшін партиялық тізім қайтадан бекітілуге тиіс", – Азаматхан Әміртаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу