Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде үй иелерінің ақшалай қаражатын ұрлады деп күдікпен бала күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады. Тергеу барысында 27 жастағы әйелдің осы жылдың қыркүйек айында бала күтуші болып жұмысқа орналасқаны анықталды.
Бір айдан астам уақыт жұмыс істеп келген күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, шкафтағы қораптан ақша тауып алған. Ақшаны иемденіп алған ол үй иелері ақшаның жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқанға дейін жұмысын жалғастыра берген.
Бала күтуші кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды, оның қала аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.