Астанада балабақшаға барғысы келмеген кішкентай қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғалды

554

5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 

Астанада балабақшаға барғысы келмеген кішкентай қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғалды Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада полиция балабақшаға барғысы келмеген кішкентай қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғады.

Polisia.kz деректері бойынша, әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында белгісіз бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан бейнежазбасы анықталды.

Белгілі болғанындай, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.

Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды",-делінген хабарламада.

Әлеуметтік желі қолданушылардың оқиға елордадағы "Фламинго" тұрғын үй кешенінің жанында болағанын жазған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу