2017 жылдың 10 сәуірінен Астана қаласында мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар www.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұл бағытта қызметті алушыларға 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін:
1) электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚО "Азаматтарға арналған үкімет" КАҚ жүгіну қажет);
2) өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kzжүйесінде тіркелу;
3) өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі) қажет. Байланыс мәліметтері Сіздің кезегіңіз келгені жайлы хабардар ету (хабарлама, ескерту хат) үшін керек.
Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.
Айта кетейік, жалпы Астана қаласы бойынша 6310 бос орын бөлу үшін бар.
Орындарды бөлу жұмыстары аяқталған соң, кезектің жылжу барысын Астана қаласы әкімдігінің www.e.astana.kz ресми сайтынан қарауға болады.
Мемлекеттік балабақшалар 2017 жылдан бастап қызметтің автоматтандырылуына байланысты бос орындар бойынша өтінімдерді Астана қаласының Білім басқармасына емес, жүйеге жолдайды.