Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен қалада балабақшалардың қызметін толық тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
2017 жылғы 31 қаңтар күні кешке әлеуметтік желілерді пайдаланушы Жанна Шапенова астаналық білім беру қызметкерлеріне өзінің бұйымтайын білдірген. Онда №77 "Қошақан" мемлекеттік балабақшасының суреттері жүктелген.
"Қазіргі кезде барлық ескертулер жойылды. Бүгін 2 ақпан күні аталмыш балабақшада комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өтеді. Балабақшаның қызметкерлері үшін бөлек жиналыс ұйымдастырылады", – деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.
Айта кетейік, 2016 жылдың қазан айынан бері Астанада сенім телефондары қызмет етеді.