Астанада балалар автобуспен 4 жылда 86 млн рет тегін қатынаған

775

85 988 426 сапар. 

Астанада балалар автобуспен 4 жылда 86 млн рет тегін қатынаған Фото: inbusiness.kz

2020 жылдың 28 наурызынан бүгінге дейін 18 жасқа дейінгі жолаушылар тегін қатынаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жақында мектеп оқушылары көктемгі демалыстан шығады және автобуста мектеп көлік картасын валидациялаудың маңыздылығын естеріңізге саламыз.

Автобуста картаны валидациялау:

- автобустар санын көбейтуге, маршруттарға бөлуге, жаңа бағдарларды іске қосуға, жолаушылар ағынын көруге септеседі;

- қажет болған жағдайда, баланың сапарларын қадағалауға көмектеседі. Әсіресе бұл баланың қауіпсіздігі үшін маңызды.

"Құрметті ата-аналар! Сіздерден балалардың қоғамдық көлікпен жүрер алдында мектеп көлік картасының бар-жоғын қадағалауды сұраймыз", - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу