Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді

379

Жәрмеңке 18-20 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді Фото: inbusiness.kz

Астанада EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында өтетін "Kids EXPO. 
Балалар әлемі" балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы ұйымдастырады. 
Жәрмеңке 18-20 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Жәрмеңке тақырыптары:

1. Сауда (кеңсе тауарлары, кітаптар мен оқулықтар, мектеп формасы, киім, ойыншықтар, әртүрлі хобби түріне арналған жабдықтары, гаджеттер, спорттық жабдықтар, жиһаз, балалар тауарлары, сәбилер мен аналарға арналған тауарлар, дәрумендер мен ББҚ);
2. Білім беру (мектептер, репетиторлар, курстар, жоғары оқу орындары, балалар мамандары, елшіліктер жанындағы шетелдік бағдарламалар);
3. Ойын-сауық (шығармашылық шеберлік кластары, ойын алаңдары, аниматорлар);
4. Қызметтер (күтушілер, тасымалдау);
5. Балалар шығармашылық студияларының мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, спорттық іс-шаралар;
6. Балаларға арналған киімдердің сән көрсетілімі.

"Kids EXPO. Балалар әлемі" балалар тауарлары мен қызметтерінің жәрмеңкесі – тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын біріктіретін алаң, онда елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа оқу жылына қажеттінің барлығын сатып ала алады.

Қазіргі уақытта кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясын және т.б. саланы қамтитын 60-қа жуық компания қатысатыны расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу