Астанада балаларды тегін үйірмелерге тіркеу басталады

Тіркеу Damubala.kz жүйесі арқылы жүзеге асады. 

Астанада балаларды тегін үйірмелерге тіркеу басталады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы балаларға арналған шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар таңдауға арналған платформада жазылған. 

"Хабарландыру! Астана қаласындағы шығармашылық үйірмелерге тіркелу – 27 қыркүйек, жергілікті уақыт бойынша 13:00-де басталады. Ал Астана қаласындағы спорт секцияларына тіркелу – 27 қыркүйек, жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жүзеге асырылады", - деп жазылған Damubala.kz сайтында.

Бұл 4 пен 17 жас аралығындағы балаларға арналған жан басына шаққандаі нормативтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша секцияларды іздеу және оларға жазылу платформасы. 

Жүйеге тіркеліп, балаларыңыздың профильдерін құрып және оларды спорт секцияларына немесе шығармашылық үйірмелерге жаза аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу