Астанада балаларды ТЖ кезіндегі іс-қимыл мен амалдарға үйретуде

1320

Астанада балаларды ТЖ кезіндегі іс-қимыл мен амалдарға үйретуде

Астанадағы Оқушылар сарайының қабырғасында "Жас құтқарушы" үйірмесі жұмыс істейді. 2014 жылдан бері қалалық ТЖ қызметтерінің қызметкерлері 170 астам баланы ТЖ кезінде әрекет ету және көмек көрсету іс-қимыл тәртібіне оқытты, деп жазды әкімдіктің ресми сайты.

"Жас құтқарушы" бағдарламасының негізгі міндеттері тіршілік қауіпсіздігі негіздерін тереңірек зерделеу, құтқару ісінің негіздерін меңгерту, төтенше жағдайларды жою және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдысы мен ептілігін қалыптастыру, үйірме қатысушыларының физикалық және рухани-жігерлі қасиеттерін тәрбиелеу, сонымен қатар өрт сөндіруші-құтқарушының мәртебесі мен имиджін көтеру болып табылады.

Сабақтар әр сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 15.30- дан 16.30-ға дейін жүргізіледі. Сонымен қатар құтқару спортына байланысты қалалық және аудандық жарыстар өткізіледі.

Сонымен қатар, жыл сайын балалармен "Балаларды төтенше жағдайлар мен өрт кезіндегі іс-қимыл мен амалдарға үйрету, алғашқы медициналық көмек көрсету, су және мұз бетіндегі іс-әрекет тәртібі" тақырыбында ашық сабақтар өткізіледі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу