Астанада балаларға арналған инклюзивті спорттық фестиваль өтеді

129

Елордада 26 маусым күні жыл сайын өтетін инклюзивті спорттық фестиваль – "Children Paralympic Games 2025" басталады. 

Астанада балаларға арналған инклюзивті спорттық фестиваль өтеді Фото: gov.kz

2025 жылдың 26-28 маусымы аралығында Астанада "CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2025" инклюзивті спорттық фестивалі өтеді. Фестиваль "Саламатты болашақ" әлеуметтік жобасы аясында "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Фестивальдің мақсаты – "Тең мүмкіндіктер әлемі" ҚҚ бейімделген спорттық секцияларының тәрбиеленушілері – мүгедектігі бар балалар мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға мотивациясын арттыру, әлеуметтік белсенділікті, сенімділік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар мен олардың құрдастары арасындағы достық қарым-қатынастарды орнату мақсатында инклюзивті спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу.

Фестивальге мүгедектігі бар 400-ге жуық спортшы қатысады. Олар – 20 қаладағы "Тең мүмкіндіктер әлемі" ҚҚ спорттық секцияларының тәрбиеленушілері, аймақтық ашық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары, 1-орын алған балалар мен жастар.

Фестиваль бағдарламасына "Инклюзивті хореография" үйірмесінің тәрбиеленушілері арасындағы би конкурсы мен 9 спорт түрі бойынша жарыстар кіреді:
• Адаптивті жүзу;
• Адаптивті каратэ;
• Адаптивті таэквондо;
• Адаптивті футбол;
• Бочча;
• Адаптивті жеңіл атлетика;
• ЦП футболы;
• Адаптивті пионербол;
• Настольный теннис.

Инклюзивті спорттық фестивальдің ашылу салтанаты 2025 жылдың 26 маусымында, сағат 10:00-де "Жастар" сарайында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу