19 желтоқсанда сағат 17:50 шамасында "Toyota Highlander" автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігін бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізілді және дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.
Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жолды жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады. Жиналғандармен әңгіме жүргізілді. Аталған учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді.