Елордада баланың басына тұрғын үй кешенінің қасбеті түсіп кетті

246

Ол дереу ауруханаға жеткізілген. 

Елордада баланың басына тұрғын үй кешенінің қасбеті түсіп кетті Фото: видео скриншот

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қасбет баланың басына құлап кетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты. 

Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан есіктен сыртқа шыға бергенде баланың басына үй қасбеті құлағанын көруге болады. Бала дереу ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы белгісіз.

Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне 2013 жылы туған бала түскен. Ол басының самай бөлігінде жарақаттар алғанын айтып шағымданған.  

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қарап тексергенде контузия нүктелі жаралар анықталған. Жалпы баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бала хирургтың амбулаторлық бақылауына жіберіліп, тиісті ем-шара жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу