Бұл жағдайға байланысты Көліктегі полиция департаменті түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланың өміріне қауіп төндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта табылған бала медициналық мекемеге профилактикалық мақсатта орналастырылды", – деп хабарлады ведомство.
Құқық қорғау органдары баланың анасын анықтау және іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу