Астанада балмұздақтардан зиянды бактерия табылды

968

Астанада балмұздақтардан зиянды бактерия табылды

Астанада микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтін ТМ "Bаmbino" балмұздағы анықталды, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз-қызметі.

"2018 жылдың 7-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдерді тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен 0,01 г ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Шығарылған күні де жазылмаған", – деп хабарлайды ведомство.

Сонымен қатар өнімнің барлығы Сарыарқа ауданы, Тайбурыл көшесі 7 мекенжайында орналасқан дүкенде сатылып кеткен. Микроорганизмдер табылған аталмыш балмұздақ өндіріс цехынан да шықты. Сондай-ақ бірқатар санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактілері тіркелді. Осыған байланысты балмұздақ өндіруші "Баннұр НС" ЖШС-на әкімшілік шаралар қолданылып, талаптарды сақтау бойынша мерзім берілді. Аталған мерзім ішіндегі талаптардың орындалуы департамент бақылауына алынды.

"Банур НС" ЖШС-ның дайын өнімдері "Аружан", "Керуен", "Керуен Сити", "Азия-парк", "Хан шатыр", "Сарыарқа", "Мега SW" және басқа жерлердегі сауда нүктелерінде сатылады. Ведомство тұрғындардан "Банур НС" ЖШС өндіретін ТМ "Bаmbino" балұздағының 2018 жылдың 5-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдері анықталған жағдайда тел. 31-71-39, факс: (8-7172) 31-61-10; e-mail: astana.dooz@mz.gov.kz байланыс телефондарына хабарлауын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу