Астана күні мерекесін тойлау қарсаңында 2 шілде күні елордада Астана қаласы әкімдігі "ЖасНұр" кәсіпорнының бастамасымен Қоянды су қоймасында балық ұстау бойынша жарыс өткізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жарысқа белсене араласып, қатысуға шақырады.
Шараның бағдарламасында жарыс қатысушылары үшін түскі ас, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау, арқан тартыс, қолкүрес бойынша жарыс қарастырылған.
Жарысқа қатысу үшін өтінішті ұйымдастыру комитеті күнделікті Астана қ. Сейфуллин көшесі 30, 22 кеңсесінде немесе zhasnur.tabigat@mail.ru. электронды поштасы арқылы қабылдайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу