Астанада баспалдақтан құлаған оқушы: зардап шеккен бала ауруханадан шығарылды

619

Балаға қосымша медициналық бақылау қажет пе, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз.

Астанада баспалдақтан құлаған оқушы: зардап шеккен бала ауруханадан шығарылды Фото: Видеодан алынған кадр

Астанадағы № 14 мектеп-гимназиясында баспалдақтан құлап, жарақат алған оқушы ауруханадан шығарылды.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 14 мектеп-гимназияда баспалдақтан құлап, жарақат алған бала емдеу мекемесінен шығарылып, үйіне жіберілді.

"Ол жазылып, үйіне шықты. Біздің білуімізше, баланың жағдайы жақсы", - деп хабарлады басқармадан.

Балаға қосымша медициналық бақылау қажет пе, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Баланың алған жарақаттарына байланысты көру қабілетінің төмендеуі мүмкін бе, жоқ па, бұған қатысты да ешқандай ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу