Астанада базар аумағында ұрлықпен айналысқан күдіктілер ұсталды

215

Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері базар аумағында жасалған қылмыстың ізін суытпай ашты.

Астанада базар аумағында ұрлықпен айналысқан күдіктілер ұсталды Фото: polisia.kz

Тергеу барысында белгісіз тұлғалардың базар аумағында тұрған Lexus RX 270 көлігінің салонына заңсыз кіріп, қоңыр түсті әйелдер сөмкесін жасырын жымқырғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сөмкенің ішінде 80 мың теңге, 100 АҚШ доллары және алтын бұйымдар болған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 500 мың теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жәбірленуші автокөлігін базар аумағындағы контейнер маңына қойып, көлікті құлыптамай, қараусыз қалдырған. Бейнежазбаларды қарау барысында күдіктілердің алдын ала келісіп әрекет еткені анықталды. Олардың бірі жәбірленушінің соңынан еріп, оның іс-қимылын бақылаған. Екінші адам оқиға орнынан сәл қашықта тұрып, айналадағы жағдайды қадағалап отырған. Ал үшінші күдікті автокөлікке жақындап, салонға кіріп, сөмкені ұрлап кеткен.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдіктілер әртүрлі бағытқа тарағанымен, кейін базар аумағындағы шығаберісте қайта кездесіп, оқиға орнынан бірге кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу