Елордадағы базарлар мен дүкендердің жұмыс кестесі бекітілді

2011

Елордада төтенше жағдайға байланысты сауда нысандары, базарлар, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс істеу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Елордадағы базарлар мен дүкендердің жұмыс кестесі бекітілді

Төтенше жағдай кезінде бизнес субъектілері: сауда нысандары мен базарлар, дүкендер, дәріханалар кешкі сағат 8.00-ден түнгі сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бизнес субъектілерінің басшылары тонаушылық, тауарларды ұрлау және мүлікті бүлдіру жағдайларын болдырмау үшін мүмкіндігінше қосымша қауіпсіздік шараларын қолданғаны жөн

Сонымен қатар үш ауысымды жұмыс кестесі бар ұйымдар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдаушылардан басқа, коменданттық сағат басталғанға дейін азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды, шикізатты, материалдарды жұмыс кестесіне сәйкес үздіксіз жеткізуді ұйымдастыру қажет.

Коменданттық сағат кезінде қызметі рұқсат етілген ұйымдардың көлік құралдарының жүріп-тұруы үшін өзімен бірге мынадай құжаттары болуы қажет:

- Жеке куәлік немесе паспорт (жүргізуші және қызметкерлер);

- Автокөлік құралына арнайы рұқсаттама;

- Тауарларға қатысты: шығу нүктесін және түпнұсқадағы жеткізу мекенжайын растайтын тауар жүкқұжаты;

- Қызметкерлерді үш ауысымдық жұмыс кестесімен тасымалдау барысында – төтенше жағдай кезінде жұмыс орнын растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама және т.б.) түпнұсқада;

Айта кетейік, жұмыс орнын растайтын құжатта көрсетілген жеткізу мекенжайы мен ұйымы сәйкес келуі керек.

Үш ауысымды жұмыс кестесі бар бизнес субъектілері қызметкерлерді тұрақты бекітілген көлік құралымен орталықтандырылған тасымалдауды қамтамасыз етуі шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу