Астана қаласының әкімдігімен eлордада бизнес климатты жақсартуға, cондай-ақ, шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған елорда базарларында "Кәсіпкерлерге кеңес беру" іс-шаралар кестесі әзірленген, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Кәсіпкерлер салық заңңамасы, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау және онлайн мемлекеттік қызметтерді алу сұрақтары бойынша кеңес ала алады.
Бірінші іс-шара 2018 жылдың 27 ақпанында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Бөгенбай батыр даңғылы 69 мекен-жайы бойынша "Шапағат" коммуналдық базарында өтеді.
Іс-шарада келесі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қатысады: Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауылшаруашылығы басқармалары, Астана қаласының төтенше жағдайлар, қоғамдық денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер департаменттері, Көші-қон қызметі басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ (ХҚО) және "Астана" ӘКК" ҰК" АҚ.