Астанада бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері конгресі өтеді

523

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Астанада бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері конгресі өтеді Фото: gov.kz

2022 жылғы 11-12 қарашада "Астана" Конгресс орталығында  "Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері" атты XIV Халықаралық КАРМ конгресі өтеді. Қосалқы репродуктивтік технологиялар: қазіргі және болашақ".

Конгресс дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бедеулігі мен репродуктивтік денсаулығының маңызды мәселелерін қайта көтеру, экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКҰ) қоса алғанда, қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) қолжетімділігі проблемаларын талқылау үшін жетекші қазақстандық және әлемдік сарапшыларды біріктіреді, сондай-ақ отандық және шетелдік қатысушыларға өз баяндамаларын айтуға мүмкіндік береді.

Конгрестің  жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың, еліміздің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтары басшыларының, Қазақстан, Португалия, Италия, Ресей, Беларусь, Израиль, Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және басқа елдердің репродуктивтік технологиялар саласындағы жетекші мамандарының, бедеулікті емдеумен айналысатын акушер-гинеколог дәрігерлердің, ЭҰ орталықтары өкілдерінің, андрологтардың, эндокринологтардың,  эмбриологтардың, генетиктердің, биологтардың қатысуы күтілуде.

Конгрестің шеңберінде Қазақстан, Израиль, Португалия, Италия, Ресей, Беларусь, Жапония, Грузия, Үндістан мамандарының қатысуымен ҚРТ, акушерлік және гинекологиядағы эмбриологияның ең өзекті мәселелері бойынша мастер-кластар өткізіледі.

Конгресс-орталықтың холдарында 40-тан астам отандық және шетелдік компаниялардың, оның ішінде бірқатар қазақстандық ЭКҰ клиникаларының көрмесі ашылады.

Конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қазақстандық репродуктивтік медицина қауымдастығы  және Астана Медицина Университеті ұйымдастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу