Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Бейбітшілік көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлімдейді.
Осыған байланысты 13-14 маусым аралығында көлік құралдары үшін Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу