Жыл басынан бері орталық операторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 15 709 құқық бұзушылықты тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Камералар негізінен жол аймақтарын, ірі көшелер қиылысын, адамдар көп жиналатын орындарды – сауда орталықтарын, мешіттерді, аялдамаларды және вокзалдарды қамтиды. Қауіпсіздікті үйлестіру үшін орталықта Полиция департаментінің қызметкерлері де кезекшілік етеді.
Тіркелген құқық бұзушылықтардың ішінде 1 027 дерек бойынша хаттама толтырылған. Негізгілері мыналар:
- ҚР ӘҚБтК 441-бап – қоғамдық орындарда темекі шегу: 9480 дерек;
- 434-бап – ұсақ бұзақылық: 2833 дерек;
- 615-бап – жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесін бұзу: 2777 дерек;
- 440-бап – қоғамдық орында мас күйінде жүру: 236 дерек;
- 505-бап – көріктендіру ережелерін бұзу: 298 дерек;
- 449-бап – қоғамдық орында тиісу: 44 дерек;
- 204-бап – белгіленбеген орында сауда жасау: 18 дерек;
- 196-бап – заңсыз сауда: 14 дерек;
- 590, 593, 596, 597-баптар бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзу: 9 дерек.
Осылайша, бейнебақылау жүйесі елордадағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу