Елордада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Аса құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылмақ. Биыл алғашқы 100 студентіміз оқуын бастайды. Филлиалды ашуға дайынбыз", - деді ол Ақордада.
Сонымен қатар, Бейжің қаласында Қазақстанның мәдени орталығы, ал елордада Қытайдың мәдени орталығы ашылады.
"Аса құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Қазақстанның Бейжің қаласында Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы мәдени орталықты салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіз", - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.