Астанада белгісіз біреу мектепке "бомба" қойды

782

Астанада белгісіз біреу мектепке "бомба" қойды

Елордалық мектепте жалған жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы хабарламадан кейін 1800-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Ж.Асановаға сілтеме жасап.

"Белгісіз адам қоңырау шалғаннан кейін №22 мектеп басшылығы бірден 102-ге хабарласқан. Содан кейін бірінші ауысымның оқушылары 1698 бала, 82 мұғалім мен 37 техникалық қызметкерлер жедел түрде мекемеден эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Баспасөз хатшысының айтуынша, ғимарат тексеріліп, қоңырау жалған болып шыққан. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар кімнің қоңырау соққанын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу